2012 жылы 18 қазанда Ж. К. Бектұровтың 100-жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр дауысы» Халықаралық мерейтой конференциясы ұйымдастырылды.
«Ғасыр дауысы» халықаралық мерейтой конференциясының қатысушылары БАҚ өкілдерімен кездесті.
Ж. Бектұров туралы өзінің ойларымен ҚР Журналистер одағының мүшесі Бақытқали Мұсабеков, «Қазақстан» басылымының директоры, жазушы Нұрмахан Оразбек, ҚР құрметті журналисі Е.Б.Кузнецова, ақын Қуаныш Мақсұтов бөлісті.
«Ғасыр дауысы» халықаралық мерейтой конференциясына еліміздің ғылыми және мәдени зияткерлерінің, ҚРКА-сының, Ресей, Украинаның мемлекеттік кітапханаларының, Қазақстан Республикасының облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларының және жасөспірімдер, балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының, Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары кітапханаларының өкілдері, мұражай, мұрағат ісінің мамандары қатысты (70 шақты адам). Толық мәжіліс барысында 9 негізгі баяндама мен тұсаукесер ұсынылды. Баяндамаларда Ж. Бектұров жеке тұлғасының әдебиет, мәдениет үшін маңыздылығы, жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы, Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының, жалпы Қазақстанның тарихына қосқан үлесі аталды.
Баяндамалармен шыққандар:
Жайлыбай Ғалым, ақын, Қазақстанның Жазушылар одағы төрағасының орынбасары - «Жайык Бектұров – жылдар мен ойлар»;
Сапрыкин Георгий Анатольевич, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Украинаның жастарға арналған мемлекеттік кітапханасының директоры (Киев қ.) – «Управление знаниями»;
Асанов Қойлыбай Дәулетханұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ - «Ж.Бектұров публицистикасындағы ақтаңдақтар мәселесі» және басқалар.
Баянова Зухра Сайлаубаевна, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз тобының басшысы – «Жайық Бектұров журналист ретінде»;
Мәскеу қаласының Шығыс әкімшілік округының №1 ОКЖ директоры Овчинникова Юлия Владимировнаның баяндамасында көпшілік кітапханалардың мемориалды қызметіне ерекше екпін қойылды. Орталық кітапханада құрылған «Михаил Александрович Шолохов» тарихи-мәдени мұражайы Мәскеуде жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған жалғыз мұражай болып табылады.
Конференция барысында мемориалды мұражайлар, ақпарат қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану институттары болып табылатын мұрағаттар мәселелері талқыланды.
Алматы қаласындағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің Мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінің диреторы Қайырбеков Әділғазы Жақсылықұлы «Естеліктер, хаттар сарабымен: С.Мұқанов пен Ж.Бектұров» баяндамасында мұрағатта Ж. Бектұровтың Сәбит Мұқановқа жазған 5 хаты сақтаулы тұр деп айтты.
Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бастығы Амантаев Өмірзақ Амантайұлы «Жайық Бектұров және мұрағаттар» баяндамасында облыстық мемлекеттік мұрағатта сақталатын Ж. Бектұровтың жеке қорының құжаттары туралы әңгімеледі. Ж. Бектұровтың жеке мұрағат қоры 1945-1997 жылдары бойынша 633 істі құрайды.
Отанның тарихында жеке тұлғаның алған орны, кітапханалардың өлкетану қызметі Талдықорған қаласының орталық қалалық кітапханасының директоры Ф.Х.Хайбуллинаның «Кітапханалардағы өлкетану жұмысы» баяндамасында, Облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының жаңартпашылық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А.М. Қырымқұлованың «Облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының өлкетану бағытындағы жұмыстары» баяндамасында көрсетілді.
Конференция барысында Ж. Бектұров туралы «Жайық Бектұров» және «Певец любви, степей и доброты» атты деректі фильм және «Адамзат рухани күш – қуатының құдіретi» әдеби альманахы көрсетілді.
Ж. Бектұровтың 100-жылдығына кітапхана жасөспірімдер арасындағы шығармашылық жұмыстардың «Таңбалы тарлан» («Адамзат рухани күш – қуатының құдіреті: XX ғасырдағы зобалаң жылдарменің жанұям тарихында» - «Гимн силе человеческого духа. Трагедии 20 века в истории моей семьи» байқауының 3 кезеңі) республикалық виртуалды байқауының қорытындылары жеңімпаздары марапатталды. Ж. Бектұровқа С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында өткен «Шырқыраған шындықтың жаршысы» еске алу кеші арналды.
Театр фойесінде көрме ұйымдастырылды. Көрмеде жазушының фотосуреттері, шығармаларының басылымдары, суреттері және басқа материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Кештің басында «Певец степей, любви и доброты» атты деректі фильм көрсетілді.
Кешке жазушының жолдастары, әріптестері, қоғам қайраткерлері, мәдениет қайраткерлері, ардагерлер, оқырмандар жиналды. Кешке Ж.Бектұровтың үлкен ұлы Жәнібектің енесі Бану апай мен немересі Тоғжан қатысты. Кеш жүргізушісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Қазақстанның Мемлекет сыйлығының лауреаты К.Н. Жұмабеков болды.
Кеш «Үкім» ойын-сауығымен ашылды. Оның драматургиялық материалы - Ж. Бектұровтың «Таңба» кітабы. Ойын-сауық қойылымын «БОТА» интеллектуалдық орталығының мүшелері, «Қазына» әдеби салонының қатысушылары Өміртай Еділхан, Алтынбек Құмырзақ, Әділ Жанулаев, Ерзат Ермағанбетов, Аян Мейраш, Ораз Абай іске асырды.
Кеш барысында Ж. Бектұровтың шығармашылық қызметінің көлемдігі, публицист, сыншы, аудармашы дарындылығы айтылды.
«Қазақстан» баспасының директоры Нұрмахан Оразбек Жайық Бектұровты – Қазақстанның ең үздік әдебиетшілерінің қатарына қойды.
Ж.Бектұров Қазақстанда алғашқы рет көркем әдебиетте қуғын-сүргін жылдары туралы әңгімеледі. «Таңба» романында оның азаматтық және адамгершілік көзқарастары анық көрсетіліп тұр.
Ж. Бектұровтың жерлесі Еркін Дәуешұлы Ақмола облысындағы жазушының есімін мәңгі сақтау үшін жасалған іс-шаралар туралы мәлімдеді.
Үш күнге созылған конференция қатысушылары үшін Долинка поселкесіне «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайына және Теміртау қаласының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени мұражайына» экскурсия ұйымдастырылды.