Белгілі жазушы-журналист Жайық Бектұровтың «Ақиқаты осы еді» атты естелігінде Әбілхайыр ханның немересі Баймұханбет сұлтаннан бастап, Кенесары-Наурызбай дәуіріндегі елін, жерін қызғыштай қорғаған батырлар мен ғұламалардың бірлікке, ерлікке толы кезеңдері, сондай-ақ Әлихан, Міржақып, Мағжан, Ахмет, Жүсіпбектей тұлғалардың заманның қос өкпеден қысқан тар жол, тайғақ кешуіндегі отбасындағы, қоғамдағы, мемлекеттік деңгейдегі өрелі-өнегелі өмірнамалары, естен кетпес сталиндік қуғын-сүргіндегі автордың өзі және замандастары тартқан тағдыр тауқыметі, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Батыр Баян», «Киік», басқа да аңыз, ертегі, қиссалардың түп төркіні өзі туып-өскен Сарыарқа өлкесінен өрбуінің қыр-сыры, өзге де тарихи деректер нақты дәлелмен кеңінен суреттеледі.
- Жыл: 1995
- Редакция: Алматы, - Ғылым, – 116 бет
- Категория: Естеліктер