1912 ж 15 қазан
Жайық Кәгенұлы Бектұров
Журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы қазіргі Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Амангелді ауылының маңында дүниеге келді.
1928 - 1955
Оқу кезеңі
1928 жылы ҚАССР-нің Халық ағарту комиссариатының мұғалімдер курсын бітірген соң, Атбасар қаласында мұғалім болған.
1934 жылы Қазақ коммунистік университетін, ал 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1928 - 1998
Еңбек жолы
1932-1937 жылдары комсомол қызметінде болған
1937-1939 жылдары республикалық "Лениншіл жас" жастар газеті редакторының орынбасары, "Социалистік Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары міндеттерін атқарған
1939-1940 жылдары Жамбыл облыстық газетінің жауапты редакторы, ал соғыс басталғанда дивизиялық газетінің редакторы болған
1958 жылдан бастап 1989 жылғы қыркүйекке дейін ол Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Қарағанды облысаралық бөлімінің жауапты хатшысы болды.
1942 - 1955
Саяси қуғын-сүргін құрбаны
1942 жылы мамыр айында Ж.Бектұров қамауға алынып, КСРО НКВД-сінің айрықша кеңесінің шешімімен РСФСР Қылмысты істер кодексінің 58-ші бабымен сырттай он жылға кесіліп, Солтүстік Оралға жер аударылды. Жабылған жала тек қана 1955 жылы ҚазССР Жоғарғы сотының Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1989 жылы түбегейлі ақталды.
1977 - 1997
Шығармашылық жолы
1977 жылы "Жол жоралғысы" очерктері
1991 жылы "Өткел" өлеңдер жинағы
1995 жылы "Ақиқаты осы еді" естеліктері
1997 жылы "Қазақстан" баспасынан "Таңба" атты кітабы жарық көрді.
1998
Өмірінің соңғы жылдары
1998 жылы 26 наурызда 86 қараған шағында журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Ж.К.Бектұров өмірден өтті.
2001
Кітапхана
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі №1205 Қаулысымен Қарағанды қаласындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына Ж. Бектұровтың есімі берілді.